Н.Назарбаев қытайлық корпорация басшыларымен кездесті (ФОТО)

Мемлекет басшысы CITIC Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының (CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинмен және «Цинхуа» (China Kingho Energy Group) корпорациясының басқарма басшысы Хо Цинхуамен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Президентінің «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен кездесуі барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуа энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.
Еске сала кетейік, Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Алдағы бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.