Н.Назарбаев: Өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей арасында өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет. Мұндай пікірді бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білдірді.

Н.Назарбаев: Өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, өзара инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамытып, трансшекаралық бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік тізбек қалыптастыру, сапалы көліктік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастыру қажет.

Осы орайда Елбасы Қазақстан жері арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің әлеуеті мен болашағын баса атап өтті.

«Аталған жолдың бойында осындай орталықтарды құру есебінен біздер ауыл шаруашылығы өнімдері тауар айналымын арттыра алар едік», - деді Мемлекет басшысы.