Н. Назарбаев пен В. Путин Қазақстан мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Н. Назарбаев пен В. Путин Қазақстан мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды

Кеше, 19 желтоқсанда Мәскеуде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екі жақты ынтымақтастықты дамыту барысын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы апат кезінде жедел реттеу жүйесін құру және көлік саласындағы қосымша навигациялық-ақпараттық қызмет көрсетудің даму мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.