Н.Назарбаев Петропавлда ҚХА өкілдерімен және ЖОО түлектерімен кездесті

ПЕТРОПАВЛ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген кезінде Қызылжар ауданының «Петерфельд Агро» және «СБИ-Агро» ЖШС-терін аралап көргеннен кейін, Петропавлға келді.

Н.Назарбаев Петропавлда ҚХА өкілдерімен және ЖОО түлектерімен кездесті

Облыс орталығында Мемлекет басшысы Қазақстан Конституциясы мен Павел Васильев көшелерінің қиылысында орнатылған ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы стелласын көрді. Осы жерде ол Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті.

Одан кейін Мемлекет басшысы Петропавлдың Пестрое көлінің жағасындағы қайта жөндеуден өткізілген «Северная звезда» саябағында болды. Жобаланып отырған Жағалаудың негізгі мәні - «Солтүстік жұлдызы» стелласы - біздің елордамыздың орталық бөлігінің шырайын ашып тұрған «Астана жұлдызы» монументіне ұқсас етіп жасалған.

Стелладан бөлек, учаскеде жағажай аймағы абаттандырылып, баскетбол және волейбол алаңқайлары құрылған. Орталық аллеяға жақын жерде Тамғалы шатқалының петроглифтері бейнеленген мүсін композициялары мен Күлтегін стелласы орнатылған. Осы арқылы, саябақ қала тұрғындарына демалып қана қоймай, тарихи тамырларын ұмытпай, мәдени дами отыра, белсенді демалуға жағдай жасайтын біртұтас кешенді құрайды.

Мұнда Президент ауылда қалып, жұмыс істеуге ниет білдірген жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесті. Н.Назарбаев олардың қалауларын құп алып, өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастағанын айта кетті. Ол түлектерге осы шешімдері үшін алғыс айтып, оларға еңбекте табыс тіледі.