Н.Назарбаев сербиялық компанияларды ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды (ФОТО)

келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сербиялық компанияларды ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды. «Жеке құрамдағы және делегациялар арасындағы келіссөздер барысында біздер экономика мен саясатқа қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмастық. Біздің елдеріміз арасында қандай әлеуеттің бар екендігін анықтадық. Біздердің арамызда сенімді байланыс орнатылған. Біз, Президент мырзамен таныспыз әрі халықаралық алаңдарда бірнеше мәрте кездестік. Бүгін біз ынтымақтастығымызды күшейту қажеттігін сөз еттік», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысын келесі жыл өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне сәйкес, бүгіне елімізде Сербия капиталының қатысуымен 20 кәсіпорын құрылыс және сауда саласында жұмыс істеуде. Мәселен, Сербия компаниялары Алматы метросының бірқатар стансасын салуға қатысты. Бүгінде Астанада бірқатар нысандарды салуда.
«Мен сербиялық компанияларды Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне дайылдалу және өткізу шараларына қатысуға шақырамын», - деді Н.Назарбаев.