Н.Назарбаев: Тағдырлас қазақ-қытай қоғамдастығын құру - екі елдің стратегиялық таңдауы

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы Орталық партия мектебінде дәріс оқи отырып, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі - Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасты нығайту екенін атап өтті.
None
None

«Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Қытай жылдар бойы шешімін таппай келген мәселелерді шешті. Атап айтсақ, ұзындығы 1700 шақырым шекараны қарама-қайшылықтың шекарасы емес, достық пен ынтымақтастықтың шекарасына айналдырдық. Әлемдік деңгейдегі бірлескен бастамалар, экономикалық ынтымақтастық, қандай мәселеде болмасын өзара түсіністік пен достықты сақтай білуіміз, «үш зұлымдыққа» қарсы күресіміз - біздің елдерімізді жақындастырып, мемлекеттеріміз арасындағы сенімді нығайтты. Және біз бұл жолды әрі қарай да жалғастыра береміз. Қытай Халық Республикасымен жақсы көрші және достық қарым-қатынасты нығайту - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев атап өткендей, екі ел ең алдымен Жібек жолының Экономикалық белдеуі және 21 ғасырдағы Теңіз Жібек жолы аясында ынтымақтастық орнату үшін Азия мен бүкіл әлемге мүмкіндік беруге бірлесе күш жұмсайды.

«Тағдырлас қазақ-қытай қоғамдастығын құру - мемлекеттердің түпкі мүддесіне сай екі елдің де стратегиялық таңдауы. Сондықтан, жарқын болашақ пен гүлденуге бірге қадам басайық», - деді сөзін толықтырған Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Ертең Елбасы қытай халқының Жапония басып алушыларымен болған соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадына қатысады.

Соңғы жаңалықтар