Н.Назарбаев Үкіметке «Жасыл Ел» бағдарламасын одан әрі дамыту бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасыл Ел» дегеніміз - Мәңгілік Ел. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан-2050 стратегиясы»: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтіп жатыр.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, 22 сәуірде «Жасыл ел» отряды республикалық жастар штабының мерейтойлы 10-шы слеті ашылады. Бұл ретте Президент елді көгалдандыру қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін барынша маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент бұл бағдарламаны жүзеге асырға қазірдің өзінде 200 мыңнан астам жастар қатысқанын, олар 44 млн.-нан астам ағаш отырғызып, 111 мың гектар аумақты көгалдандырғанын атап өтті. Осыған орай, Елбасы Үкіметке «Жасыл Ел» бағдарламасын бұдан әрі дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

«Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл Ел» дегеніміз - Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын Мәңгілік Бәйтерек тұрпатты Жасыл елді табыстауымыз керек», -деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар