Н.Назарбаев және Си Цзиньпин тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы Бірлескен декларацияға қол қойды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа
None
None

кезеңі туралы Бірлескен декларацияға қол қойды. Сондай-ақ екі ел басшыларының қатысуымен 11 екіжақты үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Екіжақты келіссөздер барысында Си Цзиньпин айтқандай, Бірлескен декларация бұған дейінгі екіжақты қарым-қатынастың қорытындысы және келешектегі ынтымақтастық үшін жасалған бағдарлама іспеттес. Еске салайық, бұл Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің осы жылғы төртінші және ҚХР Төрағасының өз қызметіне кіріскен сәтінен бергі оныншы кездесуі. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Соңғы жаңалықтар