Н.Назарбаевтың қатысуымен Түркі кеңесінің туы көтерілді

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі Кеңесінің Ыстамбұл қаласында орналасқан Хатшылық ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті.
None
None

Салтанатты шара барысында: «Мен 20 жылдың ішінде бесінші рет ресми сапарымды өткізіп отырғанымда біздің бүгінгі тарихи жұмысымыз тура келді. Бәріміздің армандағанымыз түркітектес елдердің барлығын  бір тудың астына жинау. Бүгінгі байрақты көтерейік деп отырғанымыз өте қуанышты күн. Бұл бағытта көптеген жұмыс жасалды. Оның ішінде түрік мемлекеті мен Қазақстанның үлесі өте көп. Төңірегімізге топтастырып, менің ұсынысым бойынша Түркі кеңесі құрылды. Астанада түркі академиясы құрылды. Еліміздің, халқымыздың тарихы жақындасып, экономикалық қарым-қатынастар өсіп-өркендеп келеді» деген ҚР Президенті бүгінгі қуанышты жағдай ұзағынан болсын деген тілегін жеткізді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің елшілік қызметкерлері, Түркия Республикасындағы дипломатиялық, консулдық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары лауазымды тұлғалар, ғалымдар мен зиялы қауым қатысқан салтанатты рәсімде Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының Мемлекеттік Тулары және Түркі Кеңесінің туы көтерілді.

 

Соңғы жаңалықтар