Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі айқын - қырғыздық БАҚ

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандық БАҚ өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы жеңісін ерекеш атап өтуде. «Дело №» республикалық газетінің тілшісі Эльмира Акунова өткен аптада «Назарбаев сайлауда айқын жеңіске жетті... және мұны сөзсіз дұрыс жасады!» («Назарбаев оглушительно выиграл выборы... и правильно сделал!») атты мақаласын жариялады.

Н.Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі айқын - қырғыздық БАҚ

«...Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс сайлауын түрліше түсініп, түрліше бағалауға болады.... Алайда біз олай жасамаймыз. Өйткені көршілес мемлекеттің басшысының ауысуы біздің аймағымызға болжанбайтын өзгерістер алып келері хақ еді... Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев - елдегі тұрақтылықтың және посткеңестік кеңістіктегі тыныштықтың кепілі, Қазақстан саясатындағы айқындылық пен ашықтылық, Қырғызстандағы жағдай дәл осыған байланысты.

Қазақстан халқының саны 17 миллионнан асады, соның ішінде сайлау құқығына 9 миллионнан астам адам ие... Сайлаушылардың өте жоғары белсенділігі байқалды. Олардың басым бөлігі құзыреті бар Президенттерін ең біріншіден, тұрақтылық және елдегі бейбітшілік үшін қолдаған тәрізді», - деп жазады Э.Акунова.