Н.Нығматулин бастаған делегация Анкарада өтетін ТүркПА кеңесіне қатысады
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бастаған делегация Анкарада өтетін Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысады.
Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«10-12 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин бастаған қазақстандық делегация Анкарада өтетін Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысады», - деді ол.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, алқалы жиын барысында түркі тілдес елдердің парламенттік мүшелері алдағы өзара әрекеттерін, сонымен қатар Ассамблея жұмысының болашақтағы бағыттарын талқылауға баса назар аударуды жоспарлап отыр.