12:52, 26 Тамыз 2015 | GMT +5
Н.Шариф ҚР Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада елімізге сапармен келген Пәкістан Премьер-Министрі Миан Мухаммад Наваз Шариф кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өз еліне сапармен келуге шақырды.

«Мен Қазақстанды өзімнің екінші үйім санаймын және көптеген жылдардан кейін бұл елге оралуым да ғанибет. Мен осы сәтті пайдалана отырып, Сізді өзіңізге ыңғайлы уақытта Пәкістанға, біздің елімізге сапармен келуге шақырамын», - деді ол.
Сонымен қатар Пәкістан Үкіметінің басшысы сонау 1992 жылы Алматыға жасаған алғашқы сапары есінде екендігін атап өтіп, Қазақстан тарабының жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.