Н.Тінәлиев артылған үмітті ақтамады, алғашқы кездесуінде-ақ швед балуанынан ойсырай ұтылды

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасы аясында алғашқы жекпе-жегін өткізген
None
None

Қазақстанның грек-рим балуаны Нұрмахан Тінәлиев (120 кг дейін) швед спортшысы Йохан Еурен Магнустен ұтылып қалды.

 1/16 іріктеу белдесулері бойынша өткен жекпе-жектің қорытынды есебі - 3:0. Қазақстанның балуаны Нұрмахан Тінәлиев бірде-бір ұпай жинай алмай, 2010 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Йохан Еурен Магнустан жеңіліп қалды.

Енді, ол үшін жарыс аяқталды. Ал Йохан Еурен Мажарстанның балуаны Михали Дик-Бардоспен белдеспек.

Еске салайық, дәл осы спортшы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатында Қазақстан намысын қорғауға Лондонға аттанған отандық спортшылар делегациясының көшін бастап, еліміздің Көк байрағын алып жүрген болатын.

Соңғы жаңалықтар