Нью-Йоркте Қазақстанның бала құқығын қорғау саласындағы сақтандыру бағларламасы қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні Нью-Йоркте өтетін ЮНИСЕФ басқармасының сессиясында Қазақстанның бала құқығын қорғау саласындағы 2016-2020 жылдарға арналған сақтандыру бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Юрий Оксамитный мәлім етті.
None
None

«Біз қазір 2016-2020 жылдарға арналған сақтандыру бағдарламасының соңғы сатысындамыз. Бұл бағдарлама ЮНИСЕФ басқармасының сессиясында 8 қыркүйек күні қабылдануы керек. Бұл ЮНИСЕФ-тің бағдарламасы емес, бұл Қазақстан үкіметімен үйлестіріле отырып жасалған бағдарлама. Бағдарламаға үкіметтік емес ұйымдардың да ұсыныстарын қостық», - деді Юрий Оксамитный. Өкіл мәлім еткендей, Қазақстандағы Балалар қоры көбінесе пенитенциарлық жүйедегі мекемелерге түскен балалардың жағдайына, жетім балалардың жағдайына, мінез-құлқы ауыр, соның салдарынан заң аясында істі болған балалардың жағдайына алаңдайды. Бұл ретте ол Қазақстанда ювеналды сот жақсы дамып келе жатқанын, ал сотталған балаларды түзету орындарына жатқызудан гөрі оған балама шешім табу керектігін баса атап өтті. «Жуырда мен ішінара инклюзивті білім беретін мектептің ашылуына бардым. Сонда «психологиясы өте ауыр» деп анықтама берген үш бала оқиды екен. Бір қызығы, олар шеттетіліп білім алған кездерінен қарағанда, өз қатарластарымен бірге жүріп білім алу барысында көп өзгерген екен. Ұстаздарының айтуынша, мінез-құлықтары ашыла түскен, аз да болса қатарластарына қарап бой түзегісі келеді екен. Мұны мен неге айтып отырмын, біздегі бір түйіткіл - психологиясы ауыр балаларды арнайы орындарға орналастырудан гөрі, балама шешімін таба білу керек»,-деді Ю.Оксамитный.

Соңғы жаңалықтар