Нью-Йоркте ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналған қазақстан-американ инвестициялық форумы өтіп жатыр

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 8-9 қараша күндері Нью-Йоркте «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының» таныстырылымына арналған кезекті қазақстан-американ инвестициялық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды АҚШ-тағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Нью-Йоркте ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналған қазақстан-американ инвестициялық форумы өтіп жатыр

Қалыптасқан дәстүр бойынша Нью-Йорктегі инвестициялық форумда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің бейне мәлімдемесі көрсетіледі деп жоспарлануда. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Үкіметінің басшысына сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады.

Форум аясында жақында АҚШ-та ашылған (Нью-Йорк қаласында) ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің таныстырылымы болады.

Екі күнге жалғасатын форумды АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі «NewsDesk Media» американдық-британдық медиа тобымен әріптестік орната отырып ұйымдастыруда.