Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нақты істер бағдарламасы» қоғамдық-еңбек қозғалысы басталды

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы және Қазақстанның жас депутаттары қауымдыстығы «Нақты істер бағдарламасы» қоғамдық-еңбек қозғалысының басталуын жариялады.

«Нақты істер бағдарламасы» қоғамдық-еңбек қозғалысы басталды

Ұзақмерзімді акцияның негізгі мақсаты - сан алуан қоғамдық бастамаларды, нақты істерді жүзеге асыру арқылы жастарды жалпы еңбекке жұмылдыру. «Бұл бастама «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы аясында қолға алынып отыр. Біз еліміздің барлық азаматтарын осы жалпыға ортақ еңбекке барынша араласуға шақырамыз. «Нақты істер бағдарламасында» біз аулаларды абаттандырып, балалар қалашықтарын салудан бастауды ұсынамыз. Біздіңше, сол бұрыңғы дәстүрді қайта жаңғырту қажет», - дейді  Қазақстанның жас депутаттары қауымдыстығының төрағасы Олег Толкайлов. Бұдан басқа, аталған бастама аясында жастарды еңбекке тартып, сол үшін қоғамдық көлікте жүру билеттерін сыйақы ретінде беру көзделген. «Жастар бір-екі күн жұмыс істеп, бір айға жолақы билетін алатын болады», - дейді О.Толкайлов.