Нариман Дүйсекеев ҚТЖ баспасөз қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Нариман Дүйсекеев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

а
Фото: ҚТЖ

– Бейімделуге уақыт болған жоқ. Дүйсенбіден бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры қызметіне тағайындалдым, – деп жазды Нариман Дүйсекеев.

Оның айтуынша, алғашқы күндерден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі аясында өткен брифингке дайындық басталған.

– Брифинг мазмұнды әрі нәтижелі өтті деп есептеймін. Қысқа мерзім ішінде сапалы дайындық жүргізуге компанияның баспасөз қызметі мен бейінді құрылымдық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы мүмкіндік берді, – деді ол.

Нариман Дүйсекеев алдағы негізгі міндеттердің бірі ақпараттық жұмысты жүйелі әрі ашық жүргізу екенін атап өтті. Сонымен қатар БАҚ-пен байланысты нығайту, коммуникация сапасы мен жеделдігін арттыру маңызды бағыттардың бірі болатынын жеткізді.

Нариман Дүйсекеев бұған дейін Жолаушылар тасымалы компаниясында баспасөз хатшысы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясында басқарушы директор, сондай-ақ Zerde National Infocommunication Holding құрылымында түрлі қызметтер атқарған.

Айта кетейік, Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.