Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша
Е.Е. Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастады.
Әр жылдары Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2023 жылғы қыркүйектен Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Осыған дейін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалғаны туралы жаздық.