NASA Айға бағытталған «Артемида II» миссиясының ұшырылуын кейінге қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – NASA Айға бағытталған алғашқы пилоттық миссиясын соңғы жарты ғасырдан астам уақыттан кейін жүзеге асыруды кейінге қалдырды. Ғарыш агенттігі «Артемида II» миссиясын наурыз айында ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл сапар барысында төрт ғарышкер «Аполлон» бағдарламасы аяқталғаннан бері алғаш рет терең ғарышқа аттанады, деп хабарлайды Kazinform.

NASA отложило первую за более чем 50 лет пилотируемую миссию к Луне
Фото: NASA

Шешім сейсенбі күні таңертең NASA ғарышкерлерді Айдың айналасында бұрын-соңды болмаған ұшуға жіберетін алып зымыран жүйесінің ең маңызды сынағы – су қолдану арқылы бас дайындықтың аяқталғанын жариялағаннан кейін қабылданды. Миссия 8 ақпанда ұшырылады деп күтілгенін жазды CNN

Алайда агенттік сынақ кезінде салқын күн райынан болған кешігуге байланысты туындаған бірқатар мәселе, соның ішінде Artemis II зымыран-тасығышына жанармай құю кезінде сутегінің кемуі туралы хабарлады. Агенттік мәлімдемесінде кешігу командаларға деректерді талдауға және екінші ұшыру жаттығуын өткізуге мүмкіндік беретіні айтылған.

- SLS ұшырылымдары арасында үш жылдан астам уақыт өткенін ескере отырып біз қиындықтарға тап болатынымызды күттік. Сондықтан жоғары ылғалдылық жағдайында бас даярлықты жүргізіп жатырмыз. Бұл сынақтар ұшу алдындағы мәселелерді анықтауға және старт күні сәттіліктің ең жоғары ықтималдығымен ұшыруды қамтамасыз етуге арналған, - деп мәлімдеді NASA ғарыш агенттігінің басшысы Джаред Айзекман.

Ұшуға рұқсат алғаннан кейін, «Aртемида II» миссиясы төрт ғарышкер – NASA-дан Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және Канада ғарыш агенттігінен Джереми Хансенді Айдың арғы бетінен 10 күндік саяхатқа жібереді. Бұл миссия адамзат Жерден ең ұзақ қашықтыққа ұшу бойынша жаңа рекорд орнатуы мүмкін.

Астронавттар енді карантиннен босатылады, ал жаңа карантинге жоспарланған ұшырылым күнінен шамамен екі апта бұрын оралады. 

NASA бұған дейін ұшырылым үшін қолжетімді күндер туралы мәлімдеген, ол 6, 7, 8, 9 және 11 наурыз. 

Осыған дейін GRU Space стартапы 2032 жылға қарай Ай бетінде алғашқы қонақүй кешенін іске қосуды көздеп отырғанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар