NASA жұлдызаралық нысан 3I/ATLAS-тың суреттерін тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл комета — астрономдардың бақылау жүргізе бастағаннан бері ашқан үшінші жұлдызаралық дене, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

NASA поделится изображениями межзвездного объекта 3I/ATLAS
Фото: ТАСС

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) 19 қарашада өтетін ашық баспасөз мәслихатында 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасының жаңа суреттерін ұсынады.

— NASA тікелей эфирді 19 қараша, сәрсенбі күні шығыс уақытымен сағат 15:00–де өткізіп, агенттіктің миссиялары кезінде жинаған 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасының суреттерімен бөліседі, — делінген агенттік сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Тікелей көрсетілім Астана уақыты бойынша 20 қарашада сағат 1:00–де басталады. 

3I/ATLAS — астрономдар бақылау жүргізе бастағаннан бері ашқан үшінші жұлдызаралық дене. Олардың біріншісі 2017 жылдың күзінде ашылған Оумуамуа астероиды, ал екіншісі — 2019 жылдың тамызында ресейлік астроном Геннадий Борисов ашқан 2I/Борисов кометасы болды.

3I/ATLAS кометасының Күнге ең жақын орбита нүктесі — перигелийден 29 қазанда өтті.

Астрономдар бұл нысан біздің Күн жүйесіне тиесілі емес, керісінше басқа жұлдыз жүйелерінен ұшты және астрономдар бақылау тарихында ашқан үшінші жұлдызаралық нысан деп санайды. 

Бұған дейін Трамп NASA басшысы лауазымына миллиардер Айзекманды қайта ұсынғанын жазған болатынбыз.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.

Соңғы жаңалықтар