НАТО Бас хатшысы ұйымның жаңа мүшелері ? Албания мен Хорватияны құттықтады
БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Мерейтойлық саммиті қарсаңында НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Альянстың жаңа мүшелерін – Албания мен Хорватияны құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Албания мен Хорватия елдері мүше болып тіркелу амалдарын аяқтап, Альянстың толыққанды мүшелері атанып отыр. «Мен аталған елдерді осынау тарихи жетістіктерімен құттықтаймын. НАТО мүшесі атана отырып, Албания мен Хорватия ұжымдық қауіпсіздіктің тиімділіктері мен міндеттемелерін бөліседі», - деп мәлім етті Альянс бас хатшысы. НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінің алдында Албания мен Хорватияның жалауларын көтеру рәсімі сәуірдің 7-сі күні болады.