НАТО Парламенттік Ассамблеясының 55-інші сессиясында трансатлантикалық энергия қауіпсіздігін нығайтудағы Орталық Азия елдерінің әлеуеттік үлесі талқыланды

АСТАНА. Қарашаның 27-сі. Қазақпарат - НАТО Парламенттік Ассамблеясының 55-інші сессиясында трансатлантикалық энергия қауіпсіздігін нығайтудағы Орталық Азия елдерінің әлеуеттік үлесі талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Шотландияның астанасы - Эдинбургте өткен сессия жұмысына 52-мүше елден, қауымдасқан мүшелерден, бақылаушы елдерден және шақырылған қонақ есебінде 450-ден астам парламентші қатысты. Біздің елімізден форумда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Берік Имашев пен Рашид Ахметов және Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев болды.

НАТО жауапкершілігі аймағына кіретін елдер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша ағымдағы Конгресмендер Ассамблеясының төрағасы Джон Таннер, НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен, британ сыртқы саясат ведомствосының басшысы Дэвид Миллибэнд, Альянстың экс-бас хатшысы лорд Робертсон және НАТО-ның еуропалық күштері қолбасшысы, адмирал Джеймс Ставридис сөз сөйледі.

Парламенттік Ассамблея сессиясының жұмысы ядролық қаруды таратпау режімін нығайту, альянстың Ресеймен одан әрі қатынастарын дамыту, НАТО-ның Ауғанстандағы стратегиясын жасау, Грузия мен Молдавияның НАТО-ға ықпалдасуының әлеуетті мүмкіндіктері сияқты негізгі мәселелерге арналды.

Экономикалық блокта ұлттық қорғаныс бюджеттерін қалыптастыру және жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы НАТО бюджеті саясатын жасау мәселелеріне басты көңіл бөлінді.

НАТО-ның Орталық Азия аймағы парламентшілерімен ынтымақтастығының перспективалары бөлек қаралды.   

Қазақстандағы жағдайға қатысты НАТО ПА бейіндік комитетінің шолу баяндамасында біздің еліміздегі саяси және экономикалық үдерістерге оң баға берілді.

Соңғы жаңалықтар