НАТО жаттығуы Грузияда өтеді
БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Грузияда мамырдың 6-сы мен маусымның 1-і аралығында НАТО мен оның серіктес елдерінің жаттығуы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Альянстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2008 жылдың көктемінен бастап жоспарланып келген бұл жаттығудың мақсаты НАТО мен оның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы, Жерорта теңізі диалогы мен Ыстамбұл ынтымақтастық бастамасы аясындағы серіктес-елдермен өзара іс-қимылдарын жақсарту болып табылады. Жаттығуға 19 ел, атап айтқанда: Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Канада, Хорватия, Чехия, Грузия, Грекия, Венгрия, Қазақстан, Молдова, Сербия, Испания, Македония, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания және АҚШ елдері қатысады.