Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

АСТАНА. KAZINFORM – Наурыз айында бірнеше мереке демалыс күнге сәйкес келеді, яғни қосымша демалыс беріледі.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

Биыл 8 наурыз (халықаралық әйелдер күні) сенбіге келеді. Сондықтан алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленген.

Ал Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді. Сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс болып саналады және жалпы демалыс бес күнге жалғасады.

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар наурыз айында жалпы 14 күн демалады.

Бұған дейін бірінші сынып оқушыларының қосымша қысқы демалысы қашан басталатыны хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар