Елімізде 1-сынып оқушылары 10 ақпаннан бастап демалысқа шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Школа мектеп оқушылар ученики
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында 4000 оқушы тыйым салынған сайттарға кіргені белгілі болды.

Сонымен қатар, Павлодарда оқушыны үшкір затпен түйреп өткен мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар