Жетісу облысында 4000 оқушы тыйым салынған сайттарға кірген
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісуда балаларға қатысты заңға қайшы іс-әрекеттер анықталды. 7 мұғалім тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысы прокуратурасының дерегінше Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетінде тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталды. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
- Прокуратура ата-аналарды балалардың виртуалды белсенділігін үнемі қадағалап отыруға және олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырады, - деп жазды Жетісу облысының прокуратурасынан.
Еске салайық осыған дейін мемлекет қаржысын жымқырған мектеп директорына қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз.