Наурызда АҚШ шекарасынан заңсыз өткендер саны рекордтық деңгейге дейін төмендеді – NY Post

АСТАНА.KAZINFORM - Наурыз айында АҚШ-Мексика шекарасында 7 мыңға жуық заңсыз елге кіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды New York Post.

Наурызда АҚШ шекарасынан заңсыз өткендер саны рекордтық деңгейге дейін төмендеді – NY Post
Фото: видеодан алынды/nbcnews.com

2024 жылдың наурыз айында олардың саны 137 000 болды. Наурызда АҚШ-Мексика шекарасын заңсыз кесіп өту саны қайтадан азайып, ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды NY Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

2025 жылдың ақпанында 8300-ге жуық заңсыз мигрант шекарадан өтті, бұл кем дегенде 25 жылдағы ең төменгі деңгей.

Мұның бәрі «Трамптың ықпалынан» деп хабарлады АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментіндегі бірнеше дереккөз The Post басылымына.

Шамамен 7 000 шекарадан өту жағдайының көбі Сан-Диего және Эль Пасо аудандарында болған.

Бұған дейін АҚШ-та заңсыз мигранттарды жаппай депортациялау жалғасып жатқаны хабарланған болатын. Алайда сарапшылар ел билігі барлығын елден шығара алмайды деп есептейді.

2024 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша ICE қамауындағы азаматтығы жоқтардың жалпы саны 1 445 549 адам болды. Оның 369-ы – Қазақстан азаматы. Оларды шығару туралы түпкілікті шешім қабылданған.

Айта кетейік, АҚШ Израильге қарсы шеруге қатысқан 300-ден астам студенттің визасын алып тастады.

Соңғы жаңалықтар