Наурыз мейрамы Варшаваға шуақты күн алып келді

ВАРШАВА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшілігі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Варшавада салтанатты іс-шара өткізді.

Наурыз мейрамы   Варшаваға шуақты  күн  алып  келді
Оған Польша Премьер-министрі кеңсесінің, Варшава университетінің, «Польша-Шығыс» ынтымақтастық қоғамының, «Менің Қазақстаным» үкіметтік емес ұйымының, Поляк татарлары қауымдастығының өкілдері, Польша елордасында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, дипломаттар мен олардың отбасылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Алексей Волков жиналған қауымға осынау ұлы мерекенің тарихы мен дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Елші қонақтарды сондай-ақ Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған дағдарысты еңсерудің «жол картасымен» де таныстырды. Қонақтарға мерекелік дәмдер тартылды. Тойға келген жұртшылық Наурыз мейрамының Варшаваға шуақты ауа райын алып келгенін қуана айтысты.