Найзағай, бұршақ және күшті жел: Қазақстанда күн райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - 24 маусымға Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Абай облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және жел күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары, кей аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел болжанады.
Атырау облысында жаңбыр мен найзағай болады. Өрт қаупі жоғары.
Алматы облысында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында қысқа жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз аптап ыстық 35–37 градусқа жетеді. Іле Алатауының таулы аймақтарында да найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен жел болады.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай және қатты жел болады.
Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз аптап ыстық 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Талдықорған қаласында да қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болады.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және жел болжанады. Қарағанды қаласында да жауын-шашын күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады.
Қызылорда облысында жел күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болуы мүмкін.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ауа температурасы 35–36 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел және шаңды дауыл тұрады. Кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан облысында, сондай-ақ Шымкент және Түркістан қалаларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты жел күтіледі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Еуропа аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр.