Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Найзағай, шаңды дауыл, 41 градус ыстық - Қазгидромет күн райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 16 шілдеде Қазақстанның барлық өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады.

ауа райы
Фото: Pexels

16 шілдеде Астанада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз өңірдің солтүстігі, орталығы мен шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, шығысында өткінші жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Өңірде өрт қаупі жоғары. Күндіз аптап ыстық 40-41 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, шығысында өткінші жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды. Өрт қаупі жоғары, облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз 35-38 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі, қалған бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында және солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шаң көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірде өрт қаупі жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Осыған дейін Қытай аптап ыстықпен «жасанды жаңбыр» арқылы күресіп жатқаны туралы жаздық.