Назарбаев мектебінің оқушылары Тұңғыш Президент күніне орай флеш-моб өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Asia park" ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік флеш-моб ұйымдастарды.
None
None

Бүгін Зияткерлік мектептің 40-қа жуық күйшісі көпшілік алдында Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Көрұғлы» күйлерін шертті. Бұл туралы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұжымның ауызбіршілігін арттыру мақсатында өткен шараға оқушылар бірнеше апта бұрын дайындалған.

Сауда орталығына келген қонақтар аяқ астынан болған тосын сыйдың ерекше әсерлі болғандығын атап өтті. «Қазақтың қоңыр домбырасы шертілгенде бойымызды елжандылық сезім кернеп, күй делебемізді қоздырды», - дейді көрермендер.

Айта кетейік, еліміздің барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Біз - Ұлы дала ұрпағымыз» атты флеш-мобты бір уақытта орындады.

Соңғы жаңалықтар