«Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Бабалар өсиетімен» деп аталатын көрме ашылады

       АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат  - Бүгін,  30 мамырда сағат 16.30-­да «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінде  «Бабалар өсиетімен» деп аталатын фотокөрме ашылады.

«Назарбаев орталығы»  мемлекеттік мекемесінде  «Бабалар өсиетімен» деп аталатын көрме ашылады

Фотокөрме туыстас халықтар - қазақ пен мажарлардың тарихи­-мәдени қарым­-қатынасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі.