Неапольда «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 сәуір күндерінде Қазақстан мен Италия өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Италиядағы елшісі Андриан Елемесов итальяндық Кампания өңіріне сапары өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстандық дипломат 15 сәуірде өңірдің Вице-президенті Гуидо Тромбеттимен, Наполидің Мэрі Луиджи Де Маджистриспен, Префекті Франческо Антонио Мусолиномен кездесулері өткізді. Әңгіме барысында елші сұхбаттасушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауы контестінде ұлттық және сыртқы саяси бастамаларына толқталды.

Сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық кезеңіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшісі Кампания кәсіпкерлер қоғамын жоспарланған маңызды халықаралық шараға белсенді қатысуға шақырды. Келіссөздер барысында Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесін көпшілікке тарату мақсатымен жер шарын кезіп жүрген қазақстандық атақты сапаршегуші Сапар Искаковтың Наполиге сапарының ұйымдастыру шаралары талқыланды.

Елшілік делегациясының сапар бағдарламасының негізі Наполидегі конференция барысында әлімдік сарапшылар орталарының ұсыныстарын ескеруімен, БҰҰ қолдауымен әзірленген Әлімдік дағдарысқа қарсы жоспар жобасын талқылау болып табылды. Шамамен 50-ге жуық шақырылған қонақтардың қатысуымен өткен іс-шара Наполидің Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Евроспортелло» инвестициялық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған. Осы орайда, атақты итальяндық және еуропалық экономист, «Ла Сапиенца» және «Тор-Вергата» университеттерінң профессоры, жетекші экономикалық басылымдардың шолушысы Массимо Ло Чичеро сөз барысында G-GLOBAL алаңында талқыланып жатқан Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарының Тұжырымдамасының жоғары маңыздылығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда Қазақстан, Ресей және Беларусьпен Кедендік одақ пайдасына шешімін қабылдап, сонымен қатар, салықты төмендету және экономиканың маңызды секторларына инвестицияларды тарту бойынша өзінің басымдылықтарын 2050 жылға дейін белгілеп, тұрақты ұзақмерзімді дамуының негізін салды.

Сонымен бірге, итальяндық экономист белсенді дамып келе жатқан Қазақстанның қатысуымен Кедендік одақ, бүгінгі таңда жүйелік қиындықтар бар Еуропалық одаққа қарағанда жоғары даму әлеуеті бар деп есептейді. Осыған орай, итальяндық сарапшы Еуропалық және Кедендік одақтар бірегейлі экономикалық өсуге әсер тигізетін жолдарды іздестірудің және дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның аяқталу сәтінде Неаполь портында «Тортуга» желкенді фрегатында итальяндық субтитрлармен «Қыз Жібек» тарихи көркем фильмінің көрсетулуі ұйымдастырылды. Шамамен 80 көрермен жинаған қазақстандық фильмнің премьерасына, жергілікті басқару органдарының өкілдері, Наполидің мәдениет және өнер қайраткерлері, тілшілер мен туристер шақырылды.

Соңғы жаңалықтар