Былтыр немістер үйсіздерге көмектесу үшін рекордтық сома жинады

АСТАНА. KAZINFORM — Германияда жарты миллионға жуық адамның өз үйі жоқ. Олардың дені мемлекеттік баспаналарда немесе туыстары мен достарының үйінде тұрады, деп хабарлайды DW.

Немістер былтыр үйсіздерге көмектесу үшін рекордтық сома жинады
Фото: BILD

— Германияда тұрғын үй нарығы шиеленіскен мәселе. Елде пәтерден шығарып жіберу жағдайы көбейіп барады. Дегенмен оларға көмектесетіндер саны да артып келеді. Нәтижесін Spiegel анықтайтын американдық GoFundMe платформасының талдауы бойынша немістер қарызы бар жалға алушылар мен үйсіздерге жиі ақша аударады, — делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, 2025 жылы платформа тұрғын үйге қатысты науқандар арқылы шамамен 6,8 миллион еуро жинады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп, ол жылы көрсеткіш 2,3 миллион еуро болды.

Сондай-ақ былтыр «баспана», «жалға алу», «көшіру» және «үйсіз қалу» кілт сөздерімен 5 000-ға жуық қаражат жинау акциясы өтті. Ал 2024 жылы 2 400 шара ұйымдастырылған.

Германияда жарты миллионға жуық баспанасыз адам бар, олардың көпшілігі мемлекеттік баспананы немесе туыстары мен достарының үйін паналайды.

Үкіметтің есебіне сәйкес, 2024 жылдың басында 47 300 адам көшеде түнеп, уақытша баспаналарда өмір сүрген. Ал екі жыл бұрын олардың саны 10 мыңға аз еді. Үйсіздердің көбейгені аздай, қазір елде пәтер жалдап тұратындарды шығарып жіберу жағдайы да көбейген. 

Айта кетейік, Германияда жұмыс орындары қысқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар