Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнады.

Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды
Фото: Алма Мұқанова

Алматыда кешке қарай ауа райы күрт бұзылды. Жел тұрып, найзағай ойнап, жаңбыр жауды.

Бұған дейін Қазгидромет Алматыда 5-6 сәуір аралығында нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына шамамен 15-20 метрге жететіні туралы ескеркен болатын

Осыдан екі күн бұрын мегаполисте дауыл соғып ғимараттардың қасбеттерін опырып түсірген еді

Айта кетелік Алматыда сот шешімімен құрылысы аяқталмаған нысан бұзылып жатқаны туралы жазған едік.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жасалған болатын.

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр құйып, найзағай ойнайтынын жеткізді

Айта кетейік, қазақтардың әр табиғи құбылысқа өз атауы бар.

Соңғы жаңалықтар