Netflix пен Warner Bros-тің бірігуі кинотеатарларға қиындық тудыруы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Сарапшылар Netflix пен Warner Bros. Discovery компаниялары біріксе фильмдердің кинотеатрлардан көрсетілуі қысқаруы мүмкін деген пікірде, деп жазады Kazinform агенттігінің Вашингтондағы арнаулы тілшісі The Business Times басымылына сілтеме жасап.

Netflix и Warner Bros
Фото: engadget.com

Degroof Petercam сарапшысы Крис Кипперс кинотеатрларда көрсетілетін фильмдердің көрсетілу мерзімін қысқарту сала үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені аталған жағдай пандемия мен Голливудтағы ереуілдерден кейін еңсесін тіктей алмай келе жатқан кинотеатрлар үшін қиындық тудырмақ.

Егер Netflix шынымен Warner Bros. Discovery-ді сатып алса, прокаттағы көрсетілім саны азаюы мүмкін деген қауіп бар.

2026 жылы АҚШ-тағы кассалық түсімдер танымал франшизалар мен осындай туындылардың шығарылымдарының жалғасуының арқасында өседі деп болжанып отыр. Көрерменді қайта жинайтын жобалар қатарында The Super Mario Bros. Movie жалғасы, Toy Story 5, Avengers: Endgame секілді әлемдік хиттердің ықпалы және Dune: Part Three бар.

Macquarie сарапшысы Чад Бейнонның есебінше, табыс 12 пайызға өсіп, 9,7 миллиард долларға жетуі ықтимал.

Netflix өз фильмдері кинотеатрларда 45 күн бойы көрсетіледі деп уәде берді. Алайда Cinema United лоббистік тобының бас директоры Майкл О’Лири компания кинотеатрларға адалдық танытып отырған жоқ дейді.

Еуропа мен АҚШ-тағы салалық қауымдастықтар да билікке ескерту жасап, егер Warner Bros. Discovery-ді Netflix не Paramount Global иеленсе, блокбастерлердің кең прокатқа шығуы қиындауы мүмкін екенін айтты. 

Осыған дейін Netflix Warner Bros-ты 82,7 млрд долларға сатып алатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум