Нибалидiң велосипедi 51 миллион теңгеге сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай курортында өткен "Rixos Borovoe" қайырымдылық велошеруiнен кейiн өткен аукционда "Тур де Франс" суперкөпкүндiктiң 2014 жылғы жеңiмпазы Винченцо Нибали жеңiстi велосипедiн 51 миллион теңгеге сатты.
None
None

Алайда сатылымнан түскен қаражат велошабандоздың өз қолына тимейдi. Қайырымдылық шараның аясында ол сома Көкшетаудағы облыстық перинатальды орталықты жарақтауға және өзге де салаларға жұмсалады. Аукцион барысында сонымен қатар Роджер Федерердiң қолтаңбасы теннис добы, Галина Воскобоеваның, Ярослава Шведованың, әлемнiң бұрынғы бiрiншi ракеткасы Хингистiң ракеткалары, Александр Винокуровтың "Vino" атты алғашқы велосипедi және басқа да құнды жәдiгерлер саудаға түстi.

Ұйымдастырушылар аукцион барысында 12 млн. теңге түсiрудi көздеген болатын. Көрiп отырғанымыздай, бұл меже бiрнеше есеге асып түстi. Жалпы аукцион барысында барлығы 87 миллион теңгеден астам қаражат жиналды.

Айта кетейiк, шiлде айында өткен "Тур де Франс-2014" жарысында "Astana Pro Team" капитаны Винченцо Нибали жалпы есепте бiрiншi орын алған болатын.

Естерiңiзде болса, былтыр Бурабайда аталмыш қайырымдылық шарасының ұйытқысы болған А. Винокуров өзiнiң Лондон Олимпиадасында жеңiске жеткен велосипедiн сатылымға шығарған болатын. Ол кезде 11,5 миллионнан астам теңге қаражат түсiп, Көкшетау перинатальды емханасын жабдықтауға жұмсалған едi.

Соңғы жаңалықтар