Никол Пашинян Астанада қазақша ән тыңдап отырған видеосын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанада түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Никол Пашинян
Фото: видеодан алынған кадр

Ол видеода қолын жүрек формасында түйістіріп, ризашылығын білдіреді. Роликтің фонында қазақстандық BAYANSULU тобының «Aua rai» әні шырқалады.

– Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Баршаңызды жақсы көремін AMKZ, – деп жазды Пашинян.

Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды. Қазақстандықтар Пашинянға «Қош келдіңіз!» деп ықылас білдірсе, армяндық желі қолданушылары да жылы пікір қалдырып жатыр.

Еске салайық, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді.

Сонымен қатар қазақстандық бидайдың сапасы Арменияда жоғары бағаланатынын жазғанбыз.

Оған қоса, Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан шығатын энергоресурстар Арменияның оңтүстік аймағы арқылы өтетін TRIPP транзиттік жобасы арқылы жеткізілуі мүмкін деген болжамды Kazinform агенттігінің тілшісі армян саясаттанушысымен талқылаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар