Ninety one, Orda, Құрмаш Махан: Астаналықтар ашық аспан астында концерт тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана күніне орай елордадағы ЭКСПО қалашығының аумағында мерекелік концерт өтті.

OPEN AIR форматындағы мерекелік іс-шара кешкі Астананың аспанын ән мен күйге бөледі. ЭКСПО алаңына жиналған жұрт ең танымал деген жас өнерпаздардың әнін қосыла шырқап, ырғақты әуендерге бірге биледі.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтауға келген әншілердің ішінде әйгілі Ninety one тобы болды. Сахнаға Orda тобының өнерпаздары шыққанда елдің қошеметі тіптен артты.

Концерт көрермендерінің ішінде Raim мен Sadraddin-нің тыңдармандары да көп болып шықты.

Kalifarniya мен Nazima да кешкі Астананың аспанын жаңғырта ән салды. Alpha, T'OI, Imzi, Jazzdauren сияқты орындаушылар да халықтың ықыласына бөленді.

Әнші Құрмаш Махан да өнердегі іні-қарындастарынан қалыспай, концертке жиналған халықтың құлақ құрышын әуезді әнімен қандырды.


