Нысана көздеуден Каирдегі әлем кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы аталған жарыста үш алтын медаль жеңіп алды.

Нысана көздеуден Каирдегі әлем кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын алды
Фото: ISSF

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы болды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да бірінші орын алды. 

Ал, Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан чемпион атанды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түскенін хабарлағанбыз.