Нысана көздеуден әлем кубогы: Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түсті

АСТАНА.KAZINFORM - Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

а
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әуелі тапаншамен 25 метрден оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Цуканов топ жарды. Отандасымыз финалда 581 ұпай иеленді.

Жүлдегерлер, тапанша 10 м:

1. Кирилл Цуканов (Қазақстан) 

2. Радж Чандра (Үндістан) 580 ұпай

3. Абхинав Дешвал (Үндістан) 578 ұпай

Тағы бір отандасымыз Рамазан Ынтықбай бұл сында 9-сатыдан көрінді.

к
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ал винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Олег Носков қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Оның еншісінде 616.3 ұпай. 

Жүлдегерлер, винтовка 50 м:

1. Олег Носков (Қазақстан) 

2. Рохит Каньян (Үндістан) 615.8 ұпай

3. Арсени Ливанцов (Бейтарап атлет, Беларусь) 615.3 ұпай 

Мысырдағы әлем кубогы 27 сәуірде аяқталады. Оған 25 мемлекеттен 300-ге жуық мерген жиналды. 

Қазір жалпыкомандалық есепте Қазақстан 2 алтынмен 1-орынға көтерілді. Одан кейін Үндістан (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) мен Франция келе жатыр (1 алтын, 1 қола).

Айта кетейік, Тимофей Скатов Шымкенттегі турнирдің ширек финалына жолдама алды.