Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады.

Нора Джеруто
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті - 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті - 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді - 8:58.86.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар