Новоресейге 100 миллионыншы тонна теңіз мұнайы жөнелтілді

АТЫРАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Новоресейдегі «КТК-Ресей» ЖАҚ терминалына Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС-да өндірілген 100  миллионыншы  тонна  қазақстандық  мұнайы  жөнелтілді,

Новоресейге 100 миллионыншы тонна теңіз мұнайы жөнелтілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каспий мұнай құбыры 2001 жылы пайдалануға берілген болатын, сондан бері ол «Теңізшевройл» ЖШС-да өндірілген мұнайды Новоресей теңіз айлағының терминалдарына тасымалдайтын негізгі арна болды. Сол жерден түрік бұғаздары арқылы әлемдік нарыққа тасымалданады.

КМҚ-дан басқа ТШО өз мұнайының бір бөлігін  теміржол, Атырау-Самара мұнай құбыры және танкерлермен Каспий теңізі арқылы  Бакуге  жөнелтеді.