20:14, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Новосібір таксисі әйелдерді өлтіріп келгенін мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Новосібір қаласының полицейлері әйелдерді өлтірді деген күдікке ілінген такси жүргізушісін ұстады. 39 жастағы ер адамның екі әйелді өлтіруге қатысы бар екені кісі қолынан ажал құшқан әйелдің киімінен алынған ДНҚ үлгісін екінші бір қастандық құрбаны болған әйелдің киімінен алынған үлгімен салыстыру арқылы дәлелденген.

Криминалист сарапшылар бір тәулік бойы генетикалық сараптама жүргізіп, әйелдерге қорлық көрсеткен тұлғаға тиесілі ДНҚ-ның ұсталған ер адамның гендерінің құрамымен бірдей екенін анықтады.
Өзіне қарсы шығарылған осындай дәлелдерден кейін ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда, деп жазады ресейлік БАҚ.