«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары АСПХК Бас Ассамблеясының 5-ші жиынына қатысқан бірқатар шетелдік делегациялармен кездесті

АНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Кеше «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясының Орталық аппаратында  «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев АСПХК Бас Ассамблеясының 5-ші жиынына қатысқан бірқатар шетелдік делегациялармен кездесті,

 «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары АСПХК Бас Ассамблеясының 5-ші жиынына қатысқан бірқатар шетелдік делегациялармен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат осы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Кездесу барысында талқыға түскен басты тақырыптар - партияаралық және мемлекетаралық ынтымақтастық, қазіргі байланыстарды тереңдету және нығайту, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, елдің саяси өмірінде жас көшбасшылардың рөлі мәселелері.

 Жүздесу аясында Әзірбайжан елінің «Ени Азербайджан» партиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Д. Кәлетаев бұл шараның Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжан еліне сапары қарсаңындағы маңыздылығын атап өтті. Бас Ассамблеяның 5-ші жиынында көп делегациялардың бірінен саналған Қытайдың Коммунистік партиясы мен «Нұр Отан» партиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын.

 Орталық аппаратта өткізілген кездесу партиялар арасындағы достық қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Делегация жетекшісі, КПК ОК саяси бюро мүшесі, КПК Шанхай қалалық комитетінің хатшысы Юй Чженшен, Қазақстанның, оның елордасы Астананың, даму қарқынына таңданыс білдірді, АСПХК Бас Ассамблеяның 5-ші жиынының ұйымдастырылу және өткізілу деңгейіне жоғары баға берді.

 - Өтіп жатқан саммитке қатысушы партиялар саны жағынан да теңдессіз көп. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ықпалының өскендігінің көрінісі, - деп атап өтті  Юй Чженшен. 

  «Единая Россия» партиясының өкілдері Қазақстан және Ресейдің негізгі даму бағыттарында партиялар ұстанымдарының ұқсастығына тоқталды.    - Қазіргі мемлекеттер алдында тұрған ағымдағы міндеттерді шешуге жауап беретін жаңа саяси элитаны қалыптастыруда біздің елдің басшылары ұстанып отырған саясаты үндес, - деді  «Единая Россия» партиясы Жоғары кеңесі бюросының мүшесі Владимир Пехтин.

  «Единая Россия» партиясының өкілдері «нұротандықтарды» партияның қарашада өтетін 11-ші съезіне қатысуға шақырды.  

 Сондай-ақ «Справедливости и развития» (Түркия Республикасы) партиясының, Конрад Аденауер и Ханнса Зайделя қорларының және Латын Америкасы мен Кәріб бассейні (COPPPAL) саяси партияларының Тұрақты конференциясы Үйлестіру органының   делегацияларымен кездесулер өтті.