«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Корей Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуде Н.Нығматулин, Қазақстан мен Корей Республикаларын мемлекеттік деңгейде оңынан дамып отырған қарым-қатынастар ғана емес, сондай-ақ елдер халқының жақындығы байланыстыратынын атап өте келе, Корей Республикасының Президенті Ли Мен Бактың өткен жылы мамыр айында Астанаға жасаған сапары елдер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына, оның ішінде партияаралық байланыстардың нығаюына септігін тигізгендігін айтты.
Сонымен бірге ол, ҚР Президенті, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партия алдына қойған міндеттері, елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде партияның жүргізіп жатқан саясаты, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракцияларының жұмысы және партияаралық байланыстарды дамыту мәселелерінен хабардар етті.
Тараптар Қазақстан мен Корей арасындағы екі жақты серіктестіктің одан әрі дәйекті дамуына сенімділіктерін білдірді.
Айта кетейік, 2009 жылдың тамызында «Нұр Отан» ХДП мен корейдің «Ханнара» Ұлы ұлттық партиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.