«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин Қызылордадағы спорт кешенін жөндеу жұмыстарымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін түс қайта «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы спорт кешеніне аялдап, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин Қызылордадағы спорт кешенін жөндеу жұмыстарымен танысты

1970 жылы пайдалануға берілген бұл стадионның халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 40 жыл болды. Содан бері 2004 жылы ғана күрделі жөнделіп, біраз жақсарып қалып еді. Сол жылдары бұл кешен жанынан қосымша футбол алаңы салынған. Әйткенмен, мұның бәрі халықаралық стандартқа сай келмейтін. Осының салдарынан жергілікті «Қайсар» командасы УЕФА жарыстарына жіберілмей қойған.

Енді заманның осындай талабына сай биыл «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде аталмыш стадионды қайта жабдықтап, жарақтандыру жұмыстары қолға алынған.