«Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары РФ Елшісімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекатаралық іс-шаралар мәселесі, екі мемлекеттің саяси және экономикалық үдерістерінің барысы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, әңгіме барысында қазақстан-ресей әріптестігінің стратегиялық сипатын білдіретін халықаралық институттар шеңберіндегі тығыз ынтымақтастық байланыстар жөнінде сөз болды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары қараша айында Санк-Петерор қаласында өткен «Единая Россия» партиясының 11-съезінде көтерілген мәселелерге жоғары баға бере отырып, бұл шара барысында екі елдің саяси әрі партиялық қарым қатынастарының тереңдеуі үшін жақсы негіз қаланғанын атап өтті. Сондай-ақ, Н. Нығматулин Ресей темір жолындағы орын алған апатқа байланысты көңіл айтып өтті.
Өз кезегінде М. Бочарников Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы рөліне тоқтала келе, еліміздің серпінді дамуын, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Кездесуде сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейді өзара дамыту мақсатындағы байланыстарды жандандыра түсу туралы уағдаласты.