«Нұр Отан» ХДП-ында Д.Қалетаевтың Мажарстан Елшісімен кездесуі өтті

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының кеңсесінде пария төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Президентінің кеңесшісі Дархан Қалетаевтың Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янош Балламен кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Д.Қалетаев қонақты партияның қызметімен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның алдына қойған міндеттерімен, ҚР Үкіметінің алдағы жылдары экономика мен қаржыны тұрақтандыру жөніндегі шараларымен таныстырды. Өз кезегінде Я.Балла саяси тұрақтылық факторының, Орталық Азиядағы ұлтаралық келісімнің маңызын, бұл орайдағы Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті. Пікірі алысу барысында тараптар «Нұр Отан» мен Мажарстанның жетекші партияларының арасында бұрынғыдан да тығыз байланыс орнатуға мүдделілігін білдірді.
Соңғы жаңалықтар