Нұрбек Мұрсал бокстан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды.
Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал әлем кубогін күміс медальмен аяқтады.
Бұған дейін Рамазан Кусаинов Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы болды.
София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.